25.11.2025, 10:15
Оқылды: 46

Президент тапсырмасын жүзеге асыру: хабтарды дамыту арқылы Қазақстанды халықаралық өндірістік-логистикалық тізбекке кіріктіру жұмыстары жүруде

Қазақстанда бес трансшекаралық хабты дамыту үшін инженерлік және аумақтық база толығымен дайын. Негізгі алаңдар кеңейтілді, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу мерзімі ұзартылды, ал базалық коммуникацияларды бірқатар нысанға жеткізу осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан баяндады.

5271591285603110006

Оның айтуынша, жаңа логистикалық тораптардың құрамына төрт арнайы экономикалық аймақ пен екі индустриялық аймақ кіреді. Олар – «Хоргос – Шығыс қақпасы», «Хоргос» ХШЫО», «Ақтау теңіз порты» және «TURAN» экономикалық аймақтары және «Индустриалды сауда-логистикалық кешен» мен «Еуразия» индустриялық аймақтары.
Вице-министр осы аймақтарға бизнестің келуіне мемлекет «жұмсақ климат» жасап қойғанын атап өтті: дайын инфрақұрылым мен фискалды ынталандыру жобаларды тез іске қосуға мүмкіндік береді.
«Осы аймақтарда инвесторларға инженерлік инфрақұрылымы дайын жер учаскелері және экономикалық аймақтарда салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсынылады. Бұл жағдайлар инвесторлардың шығындарын азайтып, өндірістерді тез іске қосуға мүмкіндік береді. Қазақстанның трансшекаралық хабтарды дамыту арқылы халықаралық өндірістік-логистикалық тізбекке кірігуіне ықпал етеді», — деп атап өтті вице-министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале