11.05.2020, 17:13
Оқылды: 34

"Президентiмiздiң тапсырмасы арқасында ел тұрғындары ɵз баспаналарына қол жеткiзуге мүмкiндiк алады"

Бүгiн Президентiмiз Қасым-Жомарт Кемелұлы тɵтенше жағдайдың аяқталғанын, бiрақ ɵңiрлерде карантиндiк режимнiң жалғасатынын мəлiмдедi.

C566532D-5C12-4F24-9F00-E8F3347FC633

Ел болып қалыпты өмірге біртіндеп көшетін боламыз. Бұл - дұрыс шешiм. Iндеттiң асқынып, адамдар арасында жұғу қаупi зор екенін естіп-біліп отырмыз. Оны жерлестерiмiз түсiнеді деп сенемін. Сондай-ақ Президентiмiз халықты баспанамен қамту үшін "5-10-20" тұрғын үй  бағдарламасын іске қосуды тапсырды. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" негізінде "Отбасы банк" даму және қолдау институты құрылады.

Жағымды жаңалықты естiгенде қуанышымда шек болмады. Біздің қоғамдық бiрлестiкті құрып, аналармен қоян-қолтық жұмыс жасап келе жатқанымызға биыл 5 жыл толды. Осы уақыт аралығында пəтер жағалап, ɵлместiң күнiн кешiп жүрген талай жанұяны кɵрдiм. Кɵпбалалы, жалғызбасты, мүгедек аналардың жағдайы бiр тɵбе. Президентiмiздiң тапсырмасы арқасында бiршама тұрғындар ɵз баспаналарына қол жеткiзуге мүмкiндiк алады деп есептеймiн.

Гүлмира Төлегенова

"Әйел. Қоғам. Болашақ" ҚБ төрайымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале