3.01.2025, 16:50
Оқылды: 39

Президентіміздің жүргізіп отырған саясаты - халқымыздың әлеуметті жағдайын жақсарту

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатын оқып таныстым.
Мемлекет басшысы жыл бойы атқарған жұмыстарды саралап, маңызды оқиғаларға тоқталып өтті.
Ең бастысы Президентіміздің жүргізіп отырған саясаты - халқымыздың әлеуметті жағдайын жақсарту, елдің экономикасын нығайта отырып, ішкі және сыртқы саясатты жүргізу.
IMG_7240
Фото:akorda.kz
Өз сұхбатында Қ.Тоқаев: “Менің басты мақсатым – мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін, егемендігін және халықаралық аренадағы орнын нығайта түсу” - деп нақты айтты.
Оған баршамызда куәміз. 2024 жыл – барша еліміз үшін жемісті, көптеген маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Жүйелі экономикалық реформалар қолға алынды, көптеген маңызды жобалар мен бастамалар жүзеге асырылды.
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Оның бір ғана мысалы:  былтырдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында төлем беріле бастады. азаматтық сала қызметкерлері мен зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы көбейді. Алдағы жылы да зейнетақы өседі деп жоспарлануда.
Бұның бәрі халықтың әл ауқатын жақсартуда атқарылып жатқан игі істердің бірі.
Жанар Жұмағазиева,
"AMANAT" партиясы БҚО филиалы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале