26.10.2022, 13:00
Оқылды: 39

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабқа барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың 227 қоғамдық қабылдауы ашылған. Сайлаушылар ұсыныс, тілектері сол орындарда қабылданады. Бірінші күннің өзінде 100-ге жуық өтініш түскен.

Кезектен тыс президенттік сайлауға Қ.Тоқаевты үміткер ретінде халық коалициясы ұсынған болатын. Коалицияға түрлі партиялар, қоғамдық бірлестіктер енді. Кандидаттың ел өңірлерінде 227 қоғамдық қабылдауы құрылды. Олар сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін қабылдап жатыр. Бірінші күні-ақ қазақстандықтардан 100-ден астам өтініш келіп түсті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан президентін сайлау 20 қарашада өтеді. ҚР Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеуді аяқтады. Үміткерлер қазір үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале