Батыс Қазақстан облысында прокурорлық тексеріс өткізілді.
Бұл туралы облыстық прокуратураның сайтында хабарланды.
- БҚО Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде өзінің карточкалық шотына заңсыз аудару жолымен 12 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
Бұл факт ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркеліп, кейіннен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданып, тергеу нәтижесі бойынша іс сотқа жолданды.
Сот үкімімен әкімдік қызметкер 3 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, - делінген хабарламада.