РФ президенті Владимир Путин ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 2022 жылдың басында Ресей Федерациясына ресми сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл ұсыныс ТМД-ның бейресми саммиті аясында Тоқаевпен кездесу кезінде айтылды, деп жазады ТАСС.
- Біз сіздерді күтеміз. Қазір қозғаған мәселелеріңіз, менің ойымша, өте маңызды болып табылады. Білім беру де, энергетика да және цифрландыру да тікелей маңызды дүниелер. Егер жыл басында келіп-қайтуға уақыт тапсаңыз, біз бұған қуанышты болар едік, - деді В.Путин.
28 желтоқсанда ТМД елдері көшбасшыларының бейресми кездесуі өтіп жатыр. Іс-шара барысында Достастық шеңберінде атқарылған бірлескен жұмыстың қорытындылары, көпжақты өзара іс-қимылды дамыту және ұйым қызметінің тиімділігін арттыру перспективалары талқыланады.
Іс-шараға Қазақстаннан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.