Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орал облыстық орталық мешітіне арнайы барып, облыс имамы мен тұрғындарды мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айымен құттықтады.
- Ораза айы – сабырлық пен қамқорлыққа үндейтін, өзара мейірім мен қайырымдылық арқылы рухани тазару айы. Баршаңызға ұстаған оразаларыңыз, жасаған әрбір қайырлы істеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Қасиетті Ораза айы әрбір шаңыраққа шаттық пен мол игілік әкелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! - деп тілегін білдірді өңір басшысы.
Алтынбек Ермекқалиев,
zhaikpress.kz