«Илон Масктың бұл ісі дұрыс емес. Қымбат сыйлықты шын жүректен берді де, содан кейін оны қашықтықтан өшірді», — деп жазды Қадыров Telegram каналында. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Шешенстан басшысының айтуынша, көлік майданда «жауынгерлік тапсырмаларды тамаша орындаған», бірақ Маск жуырда Cybertruck көлігін қашықтықтан өшірген.
17 тамызда Рамзан Қадыров Илон Маск төбесінде автоматы бар Cybertruck бергенін және бұл көлік Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясына жіберілетінін хабарлаған. 19 тамызда Илон Маск бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Илон Масктың Neuralink компаниясы мидың көру қыртысы зақымданбаған соқырлардың көру қабілетін қалпына келтіретін Blindsight құрылғысына рұқсат алғанын жазған болатынбыз.