UFC-де бақ сынайтын қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Ләйлә Сұлтанқызының Youtube-арнасына берген сұхбатында жартылай орта салмақта лига чемпионы атағына таласуға қашан мүмкіндік алатынын айтты, деп жазады Prosports.kz.
Фото: Prosports.kz
«Басты мақсатым – титул алу. Белбеу кімде болса, соны жеңіп алу керек. Қазір бұл титул Леон Эдвардсқа тиесілі. Белбеуді содан тартып алатын шығармыз. Қашан? Менің ойымша, тағы бір-екі жекпе-жектен кейін», - деді спортшы.
Айта кетейік, қазір Шавкат Рахмонов кәсіпқой ММА мансабында 17 жекпе-жек өткізді, оның бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Оның ішінде бесеуі UFC аясында өтті.