Дәл қазір оралдықтар жалпы ұлттық референдумға келіп, дауыс беруді бастады. Орал қаласындағы 472 учаскеде Әнұран айтылып, дауыс берушілерге ереже-талаптар түсіндірілді.
Бұл референдум учаскесінде 2 000-ға жуық дауыс беруші бар.
Бүгін республика бойынша жалпы ұлттық референдум басталды. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы – төртінші референдум.
Бұған дейін алғашқы екі референдум 1995 жылы өткен болатын, ал соңғы рет қазақстандықтар ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізер кезде референдумға қатысқан болатын. Ал бүгін барша қазақстандықтар референдумға қатысып елге атом электр станциясы керек пе жоқ па деген сұраққа жауап беріп жатыр.