13.01.2022, 11:20
Оқылды: 52

Ресей азаматы Ақтауда қамыс арасында өмір сүріп жатыр

Ақтауда "Лада" басылымының журналистері Каспий жағалауындағы қамыс арасында түнеп жүрген жігітті тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_92583 (1)

Үйсіз жүрген адам 5А шағынауданында қоныстанған. Журналистер бұл жерден тамақ пісіретін пешке ұқсас затты, бұта арасында ұйықтауға арналған көрпе, екі жастық және заттар салынған сөмкені тапқан. Жақын жерде азық-түлік, картоп, пияз пакеттері бар. Мұнда макарон, сұлы, қаймақ және басқа да азық-түлік қалдықтарын да көруге болады. Сондай-ақ, бос сыра бөтелкелері мен тамақ ыдыстары бар.

Ер адам есімі Максим екенін айтты. Ол 1986 жылы туған. Оның айтуынша, 2004 жылы әкесімен бірге Ақтауға Самара облысынан келген. Ол өзін келеке етіп, өмірін құртқанын айтты. Бірақ кім кінәлі екенін айтпаған. Ата-анасы қайтыс болғасын жалғыз қалған. Қазір теңіз жағасында тұрады. Тамақты қоқыс контейнерлерінен алады.

Өзін қабілетсізбін деп санайды. Оның айтуынша, төлқұжаты жыртылып қалған. Себебін де айтпаған. Максимнің айтуынша, полиция қызметкерлері оны бір рет алып кеткен. Кейін оны босатқасын, жағаға қайтқан. Журналистер осы адамды білетіндерден хабарласуын сұрайды.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале