3.06.2020, 10:01
Оқылды: 41

Ресей мен Беларусьтің Одақтас мемлекетіне кіру жоспарымызда жоқ – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанның Ресей мен Беларусьтің одағына кіру жоспары жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

0832C728-6277-40A3-BBFC-82286CCA7E38

«Қазақстан Ресеймен және Беларусьпен екіжақты форматта да, интеграциялық бірлестіктер (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) аясында да белсенді жұмыс істеуде. Ресей мен Беларусьтің Одақтас мемлекетіне кіру біздің жоспарымызда жоқ. Басым бағытымыз – жоғарыда аталған ұйымдар аясында интеграцияны әрі қарай дамыту болып қала береді»,— деді сұхбатта Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Президент Еуразиялық Экономикалық Одақ әлеуетін экономикалық одақ ретінде күшейтуге мүдделі екенін атап өтеді.

«Кооперациялық байланыстарды дамыта отырып, тауарлардың, қызметтердің және жұмыс күшінің ортақ нарығын құрып, одаққа мүше мемлекеттердің инвестициялық тартымдылығын арттыру жолымен ЕАЭО-ны жаһандық ауқымдағы тиімді құрылымға айналдыра алар едік. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде алға басуда. 2025 жылға қарай энергетикалық және қаржылық ортақ нарықтар қалыптасады. Әсіресе цифрлық өзара ынтымақтастық перспективалы бағыт болмақ. Кейде ЕАЭО-да, тіпті ең жоғары деңгейде қызу пікірталастар болады, бірақ бұл талқылаулар одақты анағұрлым табысты, абыройлы, тартымды етуге деген ортақ талпынысты көрсетеді. Шынында да, немқұрайдылықпен қарау – анық деградацияның белгісі»,— деді Мемлекет басшысы.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале