Ресейдегі «Листвяжная» шахтасындағы жарылыстан аман қалғандар жоқ. Өндірістік апат салдарынан қаза болғандардың жалпы саны алты тау-кен құтқарушысын қоса алғанда, 52 адамды құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, шахтада ешкім аман қалған жоқ. 52 адам, соның ішінде алты тау-кен құтқарушысы қаза болды», - делінген агенттік хабарламасында.
Қаза болғандардың көбінің денесі шахтада жатыр.