Күні бүгін әлемдік қауымдастықты айрықша алаңдатып отырған мәселе – Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің күрт өршіп, ашық текетіреске ұласуы. Екі ел арасындағы саяси алауыздық 2013 жылдан басталған еді. Ресейшіл президент Виктор Янукович президенттіктен қуылғаннан кейін бұл қайшылық өткірлене түсті.
Ресей алғашында Қырымды референдум арқылы жергілікті халықтың басым көп дауысымен өзіне қосып алды. Кейін Украинаның шығысындағы аймақтарды бөліп алуы Ресей мен Украина арасындағы бітпес дауды өршітті. 2015 жылғы ақпанда Ресей, Украина, Германия, Франция секілді төрт елдің жетекшілері Беларусь астанасы Минск қаласында Украинадағы соғысты тоқтату және осы елдің шығысындағы аймақтар туралы жаңа келісімдер үшін бас қосты. Сол арқылы Украинадағы дүрбелең басылғандай болған. Алайда жаһандық саясат сахнасындағы соңғы «ойындар», яғни АҚШ пен Батыс мемлекеттерінің Ресейге санкциялық қысымы, АҚШ тарапынан Ресейдің 10 дипломатының елден қуылуы, 30-ға жуық заңды және жеке тұлғаға шектеу шараларының енгізілуі, Ресей тарапына кибершабуыл жасады деп айып тағылуы, Түркияның белсенділігі, мұнай құбыры айналасындағы айқай «жарақаттың» әлі толық жазылмағандығын көрсетті.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №31 санындағы журналист Тоқтар Кенжеғалиевтің «Ресей – Украина: шиеленіс қалай шешілуі мүмкін?» атты мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress