27.09.2022, 11:15
Оқылды: 81

Ресейдегі атыс: қаза тапқандар саны тағы артты

Ижевск қаласындағы мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, оның 11-і бала, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4

"Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыс салдарынан 39 адам зардап шеккенін, оның он бесі қайтыс болғанын анықтады, оның ішінде 11 бала және 4 ересек адам. 24 адам зардап шекті, оның ішінде 22 бала және 2 ересек адам", - делінген хабарламада.

Ресей ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, атыс ұйымдастырған ер адамның мәйіті табылды, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Ресейдің Удмурт республикасындағы Ижевск мектебінде болған атыстан кейін 26-29 қыркүйек аралығы аза тұту күні болып жарияланды.

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале