«Биыл қаңтардан наурызға дейін Ресейдің 16 837 азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды. Ресейліктердің дені Қызылорда облысына келді. Сондай-ақ, Алматыға – 2 116, БҚО – 1 677 және Қостанай облысына 1 525 ресейлік орналасты», - делінген хабарламада.
ІІМ таратқан мәліметке сәйкес, Ресей Федерациясы азаматтарының негізгі бөлігі (8 217) еңбек ету үшін келіп отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейден - 170, Украинадан 7 адам Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бергені айтылды. Одан бөлек, Ресейден келген 48 азамат пен 10 украиналық Нұр-Сұлтан қаласында тұруға ниет білдіргені белгілі болды.