Ресей қорғаныс министрлігі штаттан тыс оқиғаға байланысты Су-34 әскери ұшағы Белгород қаласына бомба тастағанын мәлімдеді.
20 сәуір түні Ресейдің Белгород қаласындағы орталық көшесін жарылыс болды. Көшенің қақ ортасында радиусы 20 метр үлкен шұңқыр пайда болды. Жарылыс салдарынан жақын маңдағы үй мен көліктер зардап шеккен.
Ресей Қорғаныс министрлігі Белгородтың үстінде ұшып бара жатқан Су-34 әскери ұшағында авиациялық оқ-дәрілердің нормадан тыс түсуі орын алғанын мәлімдеді.
tengrinews.kz