29.01.2024, 16:15
Оқылды: 51

Ресейге қосылу қалай аяқталды?

Қазақ жерінің Ресейдің қоластына қарауы 1731 жылы Кіші жүзден басталып, кейін Орта жүздің қосылуы жалғасса, Ұлы жүздің қосылуы ұзақ уақытты қажет етті.

жп осень (3)

Оған себеп Ұлы жүздің көпшілік жері Қоқан хандығының боданында болуы еді. Өзге қазақ жерінің орыс патшалығы қол астына өтуі және Ұлы жүз қазақтарының қоқан қысымы мен қанауына қарсы бас көтеруі қазақ жерін толықтай ресейге қосылуды тездетті.

Қоқан хандығына қарсы 1858 жылы Әулиеатада басталған қазақтар көтерілісі өзге аймақтарға тез тарап Мерке, Созақ, Шолаққорған, Жаңақорған қалалары алынып, Түркістан қоршауға алынады.

Алайда Қоқан билігінен құтылғанымен 1863-1864 жылдары орыс әскерлері жүргізген басқыншылық шабуылдан қазақ жерінің оңтүстіктегі қалалары Әулиеата, Созақ, Шымкент, Түркістан патша билігі қол астында өтеді.

Осылайша Қазақ жері тұтастай Ресей құрамына кіріп, қазақ жерлерінің толықтай қосылуы аяқталады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress. kz

(«Қазақтар», Энциклопедиялық анықтамалық, А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале