31.07.2024, 11:15
Оқылды: 72

Ресеймен шекаралас аумақтарда шегірткенің таралуына байланысты жағдай тұрақтанды

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық штаб отырысында өткен аптадағы жағдай қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

652A1141-C423-422F-AF60-CBB15CB52AAA

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгінде шегірткенің таралу ошақтарын анықтау үшін 16,7 млн га аумаққа мониторинг жүргізілді, бұл жоспардың 98%-ын қамтиды. Қайта өңдеуді есепке алғанда, қорғаныс шараларын қолданудың жалпы ауданы 2,9 млн гектарға жетті.

Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында итальялық прусқа қарсы қорғаныс шаралары жалғасып жатыр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы шегірткенің таралу орындарын анықтау үшін Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының барлық периметрі бойынша зерттеу жүргізілгенін атап өтті. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жағдай тұрақты, шегірткенің ұшу келу қаупі жоқ.

«Ақтөбе және Абай облыстарында шегірткенің таралуы анықталған жоқ. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында Ресей Федерациясымен шектесетін аумақтарда шегірткенің шоғырлануы экономикалық зияндылық шегінен төмен», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Шегіртке таралуы ықтимал аймақтарда қажет болған жағдайда бақылау және өңдеу жұмыстары жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале