26.10.2023, 11:45
Оқылды: 85

Республика күні БҚО-да қанша сәби дүниеге келді?

Кеше елімізде Республика күні аталып өтілді. Zhaikpress.kz порталы Ұлттық мерекеде облыстық денсаулық сақтау басқармасына «БҚО-да қанша сәби дүниеге келді?» деген сұрау салған еді.

перинатал

- Республика күні облыста отыз бір сәби дүниеге келді. Олардың жиырма екісі БҚО денсаулық сақтау басқармасының перинаталды орталығында, тоғызы қалалық көпбейінді ауруханада дүние есігін ашты. Сәбилердің 12-сі ұл, 19-ы қыз бала. Барлық сәбидің және аналарының жағдайы бір қалыпты, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін облыстық перинаталды орталықта Ұлттық мереке күні босанған аналарды құттықтау шарасы өтеді.

Динара Насыр,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале