Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханияты Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV Республикалық Абай оқулары мәреге жетті.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 56 оқушы жүлдеге ие болып, марапатталған.
I дәрежелі дипломға — 13, II дәрежелі дипломға — 19, III дәрежелі дипломға — 24 қатысушы ие болды.
Сонымен қатар қазылар алқасы үздік командаларды анықтаған.
Бас жүлдеге Шығыс Қазақстан облысы ие болды.
Абай облысы І, Қарағанды облысы ІІ, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары ІІІ орынға ие болды.
Естеріңізге салсақ, ХХIV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді. Байқауға республика бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушы қатысты. Абай оқуларына қатысқан жас таланттар алты номинация бойынша бақтарын сынады.