5.02.2021, 13:58
Оқылды: 311

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ақы алу жөнінде қоғамдық тыңдаулар өтеді

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ақы алу жүйесін орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі Шартты іске асыру шеңберінде 2021 жылы ұзындығы 5,8 мың шақырым учаскелерде ақы алу жүйесін енгізу жоспарлануда.
Заңнамаға сәйкес ақы алу енгізілгенге дейін қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Онда жүйе таныстырылып, ақылы жолдардың жұмыс қағидаттары мен артықшылықтары, төлем тәсілдері, мөлшерлемелер жобалары, қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндіріледі.

 

7f25056e-3621-4be3-8ab7-f4c23f4d4290

Ақпан айында жоспар бойынша бірінші топ бойынша тыңдаулар келесідей өтеді:
«Қапшағай-Талдықорған» учаскесі бойынша (Тапсырыс берушінің өтінім берген күні 11.01.2021) тыңдаулар Қапшағай қаласында 10.02.2021 сағат 10.00-де, Кербұлақ ауданында 10.02.2021 сағат 15.00-де, Талдықорған қаласында 11.02.2021 сағат 10.00-де, Көксу ауданында 12.02.2021 сағат 10.00-де, Ескелді ауданы 12.02.2021 сағат 15.00.

«Қайнар-Тараз» учаскесі бойынша (Тапсырыс берушінің өтінім берген күні 11.01.2021) Қордай ауданында 15.02.2021 сағат 10.00-де, Меркі ауданында 16.02.2021 сағат 10.00-де, Т.Рысқұлов ауданында 16.02.2021 сағат 15.00-де, Тараз қаласында 17.02.2021 сағат 10.00-де.

«Тараз-Шымкент» учаскесі бойынша (Тапсырыс берушінің өтінім берген күні 11.01.2021) Байзақов ауданына17.02.2021 сағат 15.00-де, Жамбыл ауданы 18.02.2021 сағат 10.00-де, Жуалы ауданы 18.02.2021 сағат 15.00-де, Түлкібас ауданы 19.02.2021 сағат 10.00-де, Сайрам ауданы 19.02.2021 сағат 15.00-де, Шымкент қ.22.02.2021 сағат 10.00-де.

Ақпан айында жоспар бойынша екінші топ бойынша тыңдаулар келесідей өтеді:
«Қызылорда - Шымкент» учаскесі бойынша (Тапсырыс беруші өтінімді берген күні 11.01.2021) Жаңақорған ауданында 15.02.2021 сағат 10.00-де, Шиелі ауданында 15.02.2021 сағат 15.00-де.

«Қызылорда - Қарабұтақ» учаскесі бойынша (Тапсырыс берушінің өтінім берген күні 11.01.2021) Қызылорда қаласында 16.02.2021 сағат 10.00-де, Сырдария ауданында 16.02.2021 сағат 15.00-де, Жалағаш ауданында 17.02.2021 сағат 10.00-де, Қармақшы ауданында 17.02.2021 сағат 15.00-де, Қазалы ауданында 18.02.2021 сағат 10.00-де, Арал қаласы 19.02.2021 сағат 10.00-де.

«Ақтау - Бейнеу» учаскесі бойынша (Тапсырыс берушінің өтінім берген күні 11.01.2021) Ақтау қаласында 22.02.2021 сағат 10.00-де, Қарақия ауданында 22.02.2021 сағат 15.00-де, Мұнайлы ауданында 23.02.2021 сағат 10.00-де, Маңғыстау ауданында 23.02.2021 сағат 15.00-де.

«Атырау - Доссор - Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шек.» (Тапсырыс берушінің өтінім берген күні 11.01.2021) Бейнеу ауданында 24.02.2021 сағат 10.00-де, Жылыой ауданында (Құлсары қ.) 25.02.2021 сағат 10.00-де, Мақат ауданында (Доссор) 25.02.2021 сағат 15.00-де, Атырау қаласында 26.02.2021 сағат 10.00-де.

Наурыз айында жоспар бойынша бірінші топ бойынша тыңдаулар келесідей өтеді:
«Қостанай - Троицк (РФ)» учаскесі бойынша (Тапсырыс берушінің өтінім берген күні 18.01.2021) Қостанай қаласында 01.03.2021 сағат 10.00-де, Қостанай ауданында 01.03.2021 сағат 15.00-де, Федоров ауданында 02.03.2021 сағат 10.00-де, Қарабалық ауданында 02.03.2021 сағат 15.00-де.

«Нұр-Сұлтан - Қостанай» учаскесі бойынша (Тапсырыс берушінің өтінім берген күні 18.01.2021) Әулиекөл ауданында 03.03.2021 сағат 10.00-де, Қарасу ауданында 04.03.2021 сағат 10.00-де, Есіл ауданында 05.03.2021 сағат 10.00-де, Жақсы ауданында 05.03.2021 сағат 15.00-де, Атбасар ауданында 09.03.2021 сағат 10.00-де, Астрахан ауданында 10.03.2021 сағат 10.00-де, Нұр-Сұлтан қаласында 11.03.2021 сағат 10.00-де, Целиноград ауданында 11.03.2021 сағат 15.00-де.

«Нұр-Сұлтан - Павлодар» учаскесі бойынша (Тапсырыс беруші өтінімді берген күні 18.01.2021) Ерейментау ауданында 12.03.2021 сағат 10.00-де.
Наурыз айында жоспар бойынша екінші топ бойынша тыңдаулар келесідей өтеді:

«Нұр-Сұлтан - Павлодар» учаскесі бойынша (Тапсырыс берушінің өтінім берген күні 18.01.2021) Екібастұз қаласында 01.03.2021 сағат 10.00-де, Ақсу қаласында 01.03.2021 сағат 15.00-де, Павлодар қаласында 02.03.2021 сағат 10.00-де.

«Павлодар - РФ шек. (Омбы)» (Тапсырыс берушінің өтінім берген күні 18.01.2021) Тереңкөл ауданында 03.03.2021 сағат 10.00-де, Железин ауданында 03.03.2021 сағат 15.00-де.

«Павлодар - Семей - Қалбатау» учаскесі бойынша (Тапсырыс берушінің өтінім берген күні 18.01.2021) Аққулы ауданында 04.03.2021 сағат 10.00-де, Семей қаласында 05.03.2021 сағат 10.00-де, Бесқарағай ауданында 05.03.2021 сағат 15.00-де, Шар қаласында 09.03.2021 сағат 10.00-де, Жарма ауданында 09.03.2021 сағат 15.00-де.
Қосымша ақпарат алу үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-нің БҚО филиалына хабарласа аласыздар.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша
Көліктік бақылау инспекциясы» РММ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале