Бұл туралы «ҚазАвтожол» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін республикалық маңызы бар Балқаш-Бұрылбайтал жолының бірқатар учаскесінде жарықты шағылыстыратын пластиналар орнатылды. Арнайы қондырғы Балқаш қаласынан Алматы қаласына қарай (Қарағанды облысы, 91 шақырым, алғашқы 2 лот), сондай-ақ Мыңарал ауылының бұрылысынан Үлкен ауылына бұрылатын жерге дейін (Жамбыл облысы) орнатылды.
Фото: t.me/qazavtojol/3610
Қондырғының басты артықшылығы — қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктердің шамдары жүргізушілерге кедергі келтірмейді. Бұл әсіресе
түнгі уақытта қауіпсіз әрі ыңғайлы. Қондырғы көпжолақты жолдарға ғана орнатылады.
Былтыр дәл осындай қондырғылар М-32 "Самара-Шымкент" және А-2 "Алматы-Ташкент-Термез" автожолдарының бірқатар учаскесінде, сондай-ақ Күйік және Қордай асуларында орнатылды.