Шетелде алған вакцина, оның ішінде, ревакцинация Қазақстанда да есептеледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз үшін ең бастысы - адамның қорғануы. Яғни иммунитетінің болғаны", - дейді Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде.
Еске салайық, Қазақстанда ревакцинация былтыр 22 қарашада басталған болатын.