10.05.2024, 11:15
Оқылды: 62

«Robotek Grand Tournament» чемпионаты: ел кубогін БҚО құрамасы Оралға алып келді

 

Астанада Қазақстанның отандық IT-брендінің миссиясын тағы да растаған халықаралық «Robotek Grand Tournament» чемпионаты аяқталды.

bb9bf0aa-bd20-4e1d-9a87-0f1663680c29

Биыл чемпионат алғаш рет халықаралық деңгейге шықты, Астанаға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан үздік командалар ұшып келді. RGT-2024 алаңында сонымен қатар еліміздің барлық аймағынан келген облыстық турнирлердің жеңімпаздары бас қосты.

3dc283a2-3bfb-44d8-a46d-de5c06fca38a

Бірінші чемпионаттан бастап «Robotek Grand Tournament» әлемдік стандарттардың бірегей платформасы ретінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Астана дарыны» дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау орталығымен бірлесіп құрылды.

Сайыста Батыс Қазақстан облысы оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. «Мерген» санатында Аяжан Сатова мен Әдемі Уразғали, Нұрдәулет Хамза мен Аружан Курматова, «Инверстік сызық бойымен жарыс» санатында Мансур Жылыбек пен Батыр Нәби командалары топ жарды. Басты Кубок – «Ел кубогін» – Батыс Қазақстан облысының құрамасы Оралға алып келді.

c8176795-f10e-4e89-8d3a-d00e294c6f07

Елімізде мектеп робототехникасын дамытуға және «Robotek Grand Tournament» өткізуге қолдау көрсетті: чемпионаттың платина демеушісі – Allur автомобиль компаниясы, алтын демеушісі – «Sana Sport» отбасылық-спорттық орталығы.

Келесі жылы RGT алаңында Америка Құрама Штаттары, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань және басқа да елдердің жас робототехниктері кездесуге ниетті.

 

 

Мира Алипинова,

Фото Игорь Бургандиновтікі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале