4.09.2022, 12:50
Оқылды: 39

Роман Скляр Нұр-Сұлтанға бұрынғы атауын қайтару мәселесіне қатысты пікір білдірді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Жаңа Қазақстан» депутаттар тобының елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

DF0A1AD2-E1EF-4E35-97DF-BE712AD14CB1

– Елорда атауын қайтару туралы идея қоғамда бұрыннан талқыланып келеді. Әрине, назар аударатын жағдай. «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы оны талқылауға ұсынды. Менің ойымша, қоғамдағы белгілі бір талқылаудан кейін оны Парламент те өз қарауына алады, сондықтан әліптің артын күте тұралық, - деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр.

Ол ұсыныс жасалғанын, ортаға «таяқ тасталғанын» жеткізе отырып, енді мұны қоғам қалай қабылдайтынын ескеру керектігін де айта кетті.

– Мен де қоғам өкілімін, Қазақстан Республикасының азаматымын. Әрине, менің де өз пікірім бар, бірақ өзім бұл сөзімді мемлекеттік қызметші ретінде емес, Қазақстанның азаматы ретінде айтып отырмын. Кейінірек бұл туралы кеңірек айтып берермін, күте тұрайық. Бұл кеше ғана жария етілген ұсыныс, сондықтан ойлануға және шешім қабылдауға біраз уақыт қажет, - деді Роман Скляр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале