1.11.2024, 11:45
Оқылды: 62

Роман Скляр Polpharma-SANTO компаниясының өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Polpharma Group Бақылау кеңесінің төрағасы Е. Старакпен кездесу өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_0556

Суреттер: Үкімет

Polpharma Group – Қазақстан және Польша нарықтарындағы ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі.

Кездесу барысында тараптар қазіргі фармацевтикалық жобаларды іске асыру және компанияның Ғылыми-зерттеу сынақ орталығы мен зертханалық кешенді қамтитын Сапа және инновациялар орталығын ашу ниетін талқылады.

IMG_0555

Бұл орталықта сапаны бақылау, сынақ және микологиялық зертханалармен бірге жаңа өнімдерді әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізілетін жаңа зертханалар орналаспақ.

IMG_0557

Кездесу қорытындысы бойынша Роман Скляр Қазақстан Үкіметі Polpharma Group компаниясымен ынтымақтастыққа зор мән беретінін және әрі қарай да серіктестікке дайын екенін жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале