25.12.2024, 10:45
Оқылды: 32

«Ruh team» oқырмандар клубы жылды қалай қорытындылайды?

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының қолдауымен «Ruh team» оқырмандар клубы 2022 жылдың тамыз айында құрылды. Бұл туралы «Ruh team» oқырмандар клубының жетекшісі Қуан Армат айтып берді.

d556301a-cfaa-4eef-a377-561236b7de70

Алғашында атауы бірден «Ruh team» болып аталмай жaй оқырмандар тобы болып қалыптасты. Кейінірек топқа жиналған оқырмандармен бірнеше атаулар ұсынылып солардың ішінде «Ruh team» деген атау таңдалып, топты осы атаумен атай бастадық. Мағынасына келетін болсақ «Ruh» дегеніміз қазақтың рухты жалынды деген мағынасын, ал «team» болса ағылшын тілінен аударғанда топ деген мағынаны білдіреді. Яғни рухты жалынды топ дегенге саяды.

415363ac-6b28-421c-952f-80a9eae73875
«Дәл осындай топты құрудағы мақсатымыз – жастардың кітап оқуына, жан-жақты дамуына, өз қатарларының алды болуына ат салысу болатын.

Иә, мақсатымыз орындалғандай болды. Топта қаламызға оқуға, жұмыс жасауға келген әр өңірдің балалары бас қосқан жалынды топ болды.

Алғашында 15 адаммен басталған топ қазіргі таңда 1000-нан астам жасты қамтып отыр. Әртүрлі маман иесі, әртүрлі кәсіп иесі бас қосқан орта тек кітап оқып ғана қоймай қоғамға пайдасын беретін іс-шаралар атқарып жүр. Екі жыл ішінде 100-ден астам кітап оқылып, төрт жоба іске асырылды.

Жастарымыз писхология, көркем әдебиет, тарих, қаржы сауаттылығы, мотивациялық т.б жанрдағы кітаптарды оқып әр сенбі немесе жексенбі күндері оқыған кітаптарын талқылап, ойларын ортаға салды.

06edeb79-73d7-4278-b89f-65866d390f93

Кітап ақылына ақы сұрамайтын қазына дегендей қай уақытта да оның алатын орны бөлек екені мәлім. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықсада кітаптың орнын алмастыра алмасы анық. Сол себепті де жастар бос уақытын тиімді өткізу өзін дамытып, ой-өрісін кеңейтсін деген мақсатта кітап оқуды алдынғы орынға қойдық», - дейді Қуан Армат.

Сонымен қатар жастарға пайдалы әдет қалыптастыру мақсатында «PROJECT 21 DAY» атты 21 күнде әдет қалыптастыру жобасын өткізген.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша 400-ге жуық жас қатысып жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарын табыс еткен болатынбыз. Жалпы бұл жоба әлем жастарының жарыса жасаған жобасы. Ғылыми тәжірбиелерге сүйенсек адамның орташа деңгейде әдет қалыптастыруы 21 күн деп алып, осыған сәйкестендіріп 21 күндік марафон жасадық.

e3a9dedf-f259-478c-8ad6-597ed31d7b1b

Негізгі мақсаты да жақсылыққа баулып, жамандықтан тыю. Шәкәрім атамыз:«Сөзіңді түзе – әдетіне айналады, Әдетің – мінезіне айналады. Мінезің – сенің тағдырың» демекші, жастарды пайдалы іспен айналысуға шақырдық.

21 күн бойы ерте тұру, кітап оқу, спортпен шұғылдану, жақсылық жасау, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысына қарасты тарихи орындар мен өңірімізден шыққан тұлғаларды зерттеуге тапсырма бердік. Осы жоба арқасында жастарымыздан әсіресе, олардың ата-аналарынан жақсы кері байланыс алып, олардың өміріне аз болсада жақсы жаққа бұрғанымызға көзіміз жеткендей болды. Себебі әр кездескен сайын дамуына қадам жасаған жобаның бірі болды деп еске алып отырады жастар.

21 күн жобасымен қатар «Ауылға кітап», «Таңғы серуен», «Өз тарихыңды біл» атты жобалар және қайырымдылық іс-шараларын да жасады.

Оқырмандар клубының тағы бір ерекшелігі республикамызға танымал болған тұлғалармен өңіріміздің жастарын кездестіру болды. 2022 жылдан бастап 30-дан астам тұлғамен басқосулар өткіздік.

796fb2f3-4afd-4e5a-91bd-d218e05c99d0

Биылғы жылға 20 іс-шараны мақсат етсек, ойлағанымыздан да асып 40-қа жуық іс-шара өткіздік. Оның ішінде апта сайынғы кітап талқылау кештері, спорттық кездесулермен қатар жастарды жанашыр болуға тәрбиелейтін қайырымдылық шаралары бар.

Сондай-ақ оқырман клубының жанынан арнайы екінші топ «RUH HUB» құрылды. Оның ерекшелігі әр аптаға белгілі бір тақырып қойылып, сол тақырыпты жастар кеңінен ашып талқыға салады.

f6b17fbd-1bbd-4851-a291-949d0ebc40bf

Қорыта айтқанда, клубымыздың жастарға берері мол. Әр өңірден, әр ауыл, ауданнан келген жастар бір-біріне бауыр болып жақсы орта қалыптастыра алды. Жастарымыздың алды белгілі бір орындарда қызмет есте, кейбірі жоғары оқу орындарда ұстаздық қызмет етіп жүр», - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале