8.04.2021, 9:05
Оқылды: 151

«Рухани жаңғыру» - кемел келешек

БҚО-да осы бағдарламаны 2021 жылы іске асыру жөніндегі 50 тармақтан тұратын өңірлік жоспар жасақталды.

6A35D27E-FB69-4221-8037-C825683A5154

Биыл жыл басынан бері облыста бағдарлама аясында 19077 адамды қамтитын 231 іс-шара өткізілді.

«Туған жер» арнайы жобасы аясында жалпы сомасы 10 млн. 127 мың тг. құрайтын 8 меценаттық жоба іске асырылды.
Екі  әлеуметтік нысан (Ақжайық ауданы, Мерген ауылдық округінде еркін күреспен айналысуға арналған спорт залы, Бөкей ордасы ауданында боксқа арналған спорт залы), 3 мәдениет нысаны (Бөкей ордасы ауданында 2 көркем экспозиция, Сырым ауданында жазғы сахна), 1 ауылдық жердегі үй (Бөкей ордасы ауданында жалғызбасты анаға), спорттық жабдықтар (Бәйтерек ауданында күрес залына 18 татами, кимоно киімдері сыйға тартылды).

«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» арнайы жобасы аясында 30 адамды қамтитын бір шара өткізілді. Бәйтерек ауданында «Киелі жерлер – бірлік пен жаңғыру нышаны» презентациясы өткізілді.  

«Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» арнайы жобасы аясында 200 адамды қамтитын екі шара өткізілді. Ақжайық ауданында «Латын әліпбиі - жаңа заман әліпбиі» онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында аудан тұрғындарына қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне көшуінің тиімділігі түсіндірілді.

31513C45-8EB7-4A8D-9552-1647B7C1A5A2

«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы аясында 1700 адамды қамтитын 15 шара өткізілді. Орал қаласында балалар музыка мектептерінде және өнер мектептерінде оқитын жас музыканттардың облыстық фестиваль-байқауы өтті. Бөрлі ауданында «Күмбірле, күй домбыра» атты библио-дайджест өткізілді.

«Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында 3366 адамды қамтитын 44 шара өткізілді. Ақжайық ауданында Ы.Алтынсаринның 180 жыл толуына орай «Ұлы даланың дара ұстазы» атты дөңгелек үстел өткізілді, Исатай Таймановтың 230 жыл толуына орай «Арыстан туған Исатай» онлайн танымдық кеші өтті. Бөкей ордасы ауданында М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш және Қазақстанның тұңғыш генералы Шәкір Жексенбаевтың құрметіне «Шәкір Жексенбаев - Қазақстанның бірінші генералы» атты тақырыптық кеш өтті.

«Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» арнайы жобасы аясында 385 адамды қамтитын 11 шара өткізілді. Ақжайық ауданында «Сиқырлы моншақ» атты қолөнершілердің қашықтық байқау-көрмесі өтті. Бәйтерек ауданында қамыстан жасалған бірегей картиналарды жасаған шебер Михаил Старинецтің көрмесі өтті. Тасқала ауданында «Ұлттық өнер -ұрпаққа аманат» атты іс-шара өткізілді.

«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында 5969 адамды қамтитын 87 шара өткізілді. Ақжайық ауданында «Саздан туған сазсырнай» атты іс-шара өтті, онда «Сазсырнай» қазақ халық музыкалық аспабы туралы айтылды. Бөкей ордасы ауданында «Диірмен» онлайн іс-шарасы өтті. Бұл ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға арналған танымдық іс-шара.

«Құқықтық мәдениет» 13 адамды қамтитын бір шара өткізілді. Бөрлі ауданында 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің құқықтық алаңым» атты екі іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты - бала құқықтары, олардың сақталуы, өз құқықтары мен міндеттері туралы білім беру.

Орал қаласында:

- «College startup» облыстық бизнес-жобалар байқауы;

- «Тіл – мәдениетаралық коммуникация және ұлттық бірегейлік: болашаққа көзқарас» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік форумы өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл басынан бері түрлі БАҚ-та 936 жарияланым жарық көрді. Нақтырақ айтсақ, баспа басылымдарында – 49, электрондық БАҚ-та – 44 сюжет, интернет-ресурстарда – 27, әлеуметтік желілерде – 816 жарияланым.

 zhaikpress.kz

Суреттің дереккөзі: adyrna.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале