21.04.2023, 11:00
Оқылды: 49

Рыбакина уақытынан бұрын ойынды тастап кетті

Теннисші WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

644210851bd13233102336

Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирде жарақатына байланысты бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойынды жалғастыра алмады. Ол екінші сетте төрешіге жамбас жарақатының мазалап тұрағанын ескертіп, кездесуді тоқтатты.

Сөйтіп, ол  ¼ финалға шыға алмады.

Рыбакина кездесудің бірінші сетінде қарсыласынан 1:6 есебімен жеңіліп, екінші сетте медициналық көмекке жүгінгеннен кейін есеп 1:3 болып тұрғанда матчты жалғастырудан бас тартты.

halyq-uni.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале