26.07.2023, 10:30
Оқылды: 37

«S-Group» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұсталды

«Sincere System Group» (S-Group) компаниясының өкілдеріне қатысты қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ЖП ақша

Қызметкерлер белсенді азаматтардың қатысуымен компанияның қызметін ерте кезеңде тоқтатып, бұл алданған инвесторлардың санын азайтуға мүмкіндік берді. S-Group компаниясының өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам жоғары кірістілікке уәде берді. Депозиттің ең төменгі сомасы $100 құрайды. Сондай-ақ, салымшыларды тартқан жағдайда соманың 5 пайызы көлемінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған. Бұл ретте клиенттерге ақшаны қабылдау фактісін растайтын құжаттар мен келісімдер ұсынылмаған, салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «қамау түріндегі» бұлтартпау шарасы санкцияланды, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Егер сіз  «S-Group» компаниясының қызметінен зардап шексеңіз, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласуға болады.

Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале