28.06.2024, 10:48
Оқылды: 67

Саблядан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Саблямен семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы тарихта тұңғыш рет Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп жазады Olympic.kz. 

C49F8605-577E-4798-BB99-46F9F20B3C3F

Фото: Olympic.kz

Қазақстан командасы Гонконг пен азулы Оңтүстік Корея құрамаларын жеңіп, финалда Қытай спортшыларына аз ғана ұпаймен жол берді. 

Осылайша, Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастсия Гулик және Жасмин Капыджыдан құралған Қазақстан командасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Бұл Кувейттегі Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале