9.08.2026, 15:30
Оқылды: 6

Садақ атудан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, садақ атудан бапкерлер штабы Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.

1786174484

Фото: olympic.kz

Дүбірлі додада ел намысын 12 спортшы қорғайды.

Классикалық садақ ату бойынша ерлер арасында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Дастан Кәрімов сынға түссе, әйелдер арасынан Александра Землянова, Медина Мұрат пен Самира Жұмағұлова таңдалды. Ал блоктық садақ ату түрінен Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев және Мұса Ділмұхамет пен Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова ел намысын қорғайды.

Жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале