Бөкей ордасы ауданының әкімі лауазымына сайлау басталғалы екі сағат өтті. Дауыс бере келген адам қарасы қалың.
Саяси доданың жауапкершілігі де жоғары. Сол себепті бақылаушыларға да үлкен жүк артылады.
Сайқын ауылындағы №76 сайлау учаскесінде бақылаушы қызметін атқарып жүрген Бибігүл Бектілеуованың айтуынша дауыс беру кезінде ешқандай ереже анықталмаған.
-"Amanat" партиясы атынан бақылаушы болып қатысып отырмын. Әзірге сайлау тыныш өтіп жатыр. Ешқандай ереже бұзушылық анықталмады. Елдің жауапкершілігі, аудан болашағына деген алаңдаушылығы байқалады, - дейді бақылаушы Бибігүл Бектілеуова.
Аталған учаске төрағасы Алтынбек Үмбетқалиевтің айтуынша, №76 сайлау учаскесінде 862 сайлаушы тіркелген.
-12 дауыс беруші үй-жайдан дауыс беру туралы өтініш түсті. Екі сағат ішінде барлық сайлаушылардың 30 пайыз дауыс беріп үлгерді,-дейді А.Үмбетқалиев
Түгелбай Бисен,
Фотоға түсірген Замир Габдрахманов
zhaikpress.kz