29.03.2022, 12:30
Оқылды: 12

Сайлау науқанына қатысушылардың қаржылық ашықтығы қамтамасыз етіледі

Сайлау науқанына қатысушылардың барынша қаржылық ашықтығы қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

889F0EEB-5E43-46AA-B4A9-65147DBD64E3

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Сайлау процесін жаңғырту» бесінші бағытында сайлау науқанына барлық қатысушылардың барынша қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету көзделген. «Сайлау процесін жаңғырту» бесінші бағыты бойынша сайлау алдындағы үгіт кезеңінде әлеуметтік желілерде үгіт жүргізуге рұқсат беру, байқаушылардың қызметін реттеу, аумақтық сайлау комиссиялары қызметінің қағидаттарын қайта қарау, сайлау қорларына қайырымдылықтың шекті мөлшерін белгілеу, сайлауға шетелдердің араласуына жол бермеу үшін іс-шаралар қабылдау, сондай-ақ сайлау науқанына барлық қатысушылардың барынша қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету жоспарланады», -деді министр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале