2.02.2023, 16:00
Оқылды: 137

«Сайлауалды бағдарламасын орындамаса депутатты мандатынан айыра аламыз»

«Сенің даусың маңызды!» атауымен өткен облыс жастарының «Жас сайлаушылар» клубы мүшелері форумында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов 19 наурызында өтетін Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлауына өңірдегі дайындық барысы және Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңындағы өзгерістерді айтып берді.

Ғайса Қапақов

- Бүгін өте маңызды кездесу. Біз жастарға сенеміз. Өйткені болашығымыз сіздермен тікелей байланысты. Облыстан барлығы депутаттыққа 188 мандат ұсынылады. Ал Мәжіліске үміткерді тіркеуде облыс бір округ болып есептеледі. Қазір сегіз үміткер тіркелді. Демек сегіз түрлі ой мен көзқарас, ұстаным  бар деген сөз. Солардың арасынан дұрыс таңдау жасауа өте үлкен, күрделі мәселе. Облыстық мәслихатқа отыз депутат сайланады. Оның он бесі партияляқ тізімнен болса, он бесі бір мандатты округтан. Бүгін ғана екі партия өздерінің тізімдерін тіркеді. Өңірде барлығы жеті партия тіркелді. Олар: «Amanat», «Ақ жол», «Ауыл», «Жалпы ұлттық социал демократиялық», «Қазақстан Халық», «Байтақ», «Республика» партиялары. Партия ұсынған депутаттардың кем дегенде 30 пайызы қыз-келіншектер, жастар болуы керек. Мәжіліс сайлауына түсетін үміткер алдымен өтініш береді. Кейін оның өмірбаянын тексеріледі. Үміткердің соттылығы және сыбайлас жемқорлыққа қатысы болмауы тиіс. ҚР-ның азаматы болуы керек. Сайлау бюллетенінде «Бәріне қарсымын» деген баған бар, егер үміткерге көңіліңіз толмаса осы бағанды белгілесеңіз болады. Ал сөзінде тұрмай, сайлауалды бағдарламасын орындамаса депутатты мандатынан айыра аламыз.

9

Мен «Жас сайлаушылар клубы» сайлау процесін өткізуге бір кісідей атсалысады деген үміттемін. Облыста 504 сайлау учаскесі, 173 округте сайлау комиссиялары құрылды. Сайлау комиссиясында 4 401 адам бар. Сайлау учаскесінде әр партиядан кем дегенде үш өкіл қатысады, - деп сөзін түйіндеді Ғайса Хамидолллаұлы.

Шарада белсенді жастар да сайлауға қатысты пікірлерін білдірді.

Форум соңында облыс жастарына арналған Үндеу оқылды.

Динара Насыр,
Суреттерді түсірген: Аида Оразова

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале