Бөкейордалықтар аудан әкімін сайлауда дауыс беруді жалғастырып жатыр. Олардың арасында ұлттық киім киген әжелер де бар. «Ару ана» ансамблінің мүшелері сайлау учаскесіне кәжекей киіп келіп, шашу шашты. Әжелердің айтуынша, сайлау бүкіл ел үшін маңызды оқиға.
- Сайлау ел үшін мереке. Біз ел бірлігін қолдаймыз және дауыс береміз. Бүгінгі сайлау – Жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды саяси оқиғалардың бірі. Бүгін біз, ауылдың әжелері, ауданымыздың жарқын болашағы, балаларымыз бен немерелеріміз үшін дұрыс таңдау жасауға келдік, - дейді «Ару ана» ансамблінің мүшелері.
Айта кетейік, Бөкей ордасы ауданында 22 сайлау учаскесі жұмыс жасап жатыр. Учаскелерде 9141 сайлаушы тіркелген.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress. kz