5.11.2023, 10:24
Оқылды: 125

Сайлауға ұлттық киім киіп келген жас келіндер елді сүйсіндірді

Тасқала ауданы Мерей ауылындағы 343 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар өз белсенділіктерін танытты.

сайлау таскала келин (6)

Олар таңғы мезгілден бастап өздерінің сайлау учаскелеріне ағыла бастады. Дауыс берушілердің қатарын көбейткен ауылдың келіндеріне жұрт сүйсіне қарап бара жатты. Таңдауларын жасауға келген 20-дан астам жас келін ұлттық киім киіп келді. Жандарына жақын барып, оларды сөзге тарттық. Арасындағы 32 жастағы Ләззат Айдарқұлованың айтуынша, ауыл келіндері үлкендердің берген тәлім-тәрбиесін көрсету мақсатында осындай бастаманы қолға алған.

сайлау таскала келин (4)

 – Ауылымыз – татулық пен бірліктің мекені. Мұндағы ауыл адамдары ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды кеңінен насихаттап жүреді. Біз де ондай әрекеттен алыс емеспіз. Ауылдағы ардақты аналардың іздерін жалғап, ғибратты сөздерін кейінгі буынға айтып отырудан жалықпаймыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай қазақы үлгіде киініп келдік. Сайлау барысында осы ауданның азаматы ретінде таңдау жасап, дауысымызды қостық, – деді Ләззат Бейбітқызы.

сайлау таскала келин (1)

 

Аманжол Исламғали,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

сайлау таскала келин (3)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале