«Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар елдің саяси сәулетін кешенді қайта форматтауға, билік тармақтары арасында іркіліс пен қарама-қарсылықтың барынша теңгерімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған», - деді Президент.
Мемлекет басшысы еліміз басқарудың суперпрезиденттік формасынан түбегейлі бас тартатындығын атап өтті.
«Парламенттің, мәслихаттардың өкілеттіктерін күшейтеміз. Басымдықтардың бірі - партиялық-саяси саланы жаңғырту. Партиялық және сайлау заңнамасын ырықтандыру биліктің барлық деңгейлерінде қабылданатын шешімдердегі қоғам рөлін нығайтады. Сайлаушылардың дауысы үшін бәсекелестік барынша өткірлене түседі. Саяси процестің де динамикасы мен мазмұны өзгеретіндігі сөзсіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.