17.01.2022, 10:00
Оқылды: 26

Сақ болыңыз, «қызыл аймақтамыз»!

Өңірімізде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап, коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл аймаққа» өтті. Биыл қаңтар айы басталғалы  облыстың  537 тұрғыны індет жұқтырған. Олардан қан талдамасы алынып,  «омикрон» штамына тексерілуде. Бұл туралы жұма күні облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев баспасөз мәслихатында айтты. 045FB747-25FD-4F1C-AD33-91CBA3C67AF8

Оның мәліметінше, облыста коронавирустық инфекция 6 қаңтардан бастап өрши бастаған. Ал пандемия басталғалы өңірде 857 адам  қайтыс болған. Індеттің алдын алу бағытында жедел шаралар қолға алыныпты. 504 төсек-орынға арналған сегіз стационар жұмыс жасауда. Жансақтау бөлімінде төрт науқас жатыр. Өңірде вакцинаның қос компонентімен 245 373 адам егілген. Ал ревакцинацияны 24 574 тұрғын қабылдаған.

CC7586C3-EAD1-4B23-BF1B-06CB2D102129

– Өздеріңізге мәлім, елімізде індет қайта өршіп барады. Облысымыз эпидемиологиялық бағалаудың матрица кестесіне сәйкес «қызыл аймақта». «Омикрон» штамын жұқтыру қаупі бар. «Омикрон» «дельта» штамына қарағанда 70 есе тез көбейеді. «Спутник Lite» вакцинасының бір партиясы Қазақстанға жетті. Облысымызға әкелініп, емханаларға таратылатын болады. Тұрғындардың осал топтарын қорғау мақсатында ревакцинацияға қолданылатын вакциналарға таңдау көбеюде. Сондай-ақ 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлеріне КВИ-ге қарсы ревакцинациялауға Pfizer компаниясының «Комирнати» екпесін қолдануға рұқсат берілді. Бүгінде  «Комирнати» екпесімен  өңірде  6301 адам егілді. Оның  3332-сі жас-өспірім, 220-сы жүкті және 2749-ы бала емізіп жүрген әйел. Осы орайда тұрғындарға індеттен қорғанудың жалғыз жолы - екпе екенін айтқымыз келеді. Сондай-ақ қоғамдық орындарда тұмша тағып, арақашықтықты сақтаңыздар, – деді Нұрлыбек Мұстаев.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале