11.12.2020, 20:17
Оқылды: 184

Сәкен Ғұмаровтың шығармашылығына арналды

Бүгін 11 желтоқсан күні БҚО ҚХА Достық үйінде облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Сәкен Ғұмаров музей-үйінің ұйымдастыруымен ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, авангард суретші, театр қайраткері Сәкен Нәжімеддинұлы Ғұмаровтың шығармашылығына арналған «Ұлттарды біріктірген егіз өнер» атты әдеби-танымдық іс-шара өткізілді.

23372BDE-4D96-437C-8316-7FFD35F4376C

ҚР Тәуелсіздігі күні аясында өткізілген бұл шарада БҚО ҚХА Достық клубтарының мүшелері, әртүрлі ұлт өкілдері суретшінің туындыларына сәйкес белгілі ақын-жазушылардың өлеңдерін оқыды.

Аталмыш шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы М.Қамбетов пен БҚО тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары А.Берікқалиева Сәкен Ғұмаров шығармаларын өзге ұлт өкілдері арасында кеңінен таныстыру, мемлекеттік тіл мəртебесін көтеру, балаларды шығармашылыққа тарту жөнінде сөз алды және қатысқан оқушыларға алғысхаттар табыстады.

C67B2AA7-8301-44C4-910C-9BA52945CE2C

Шара соңында сырт көздің қызығушылығын туғызатын, көңіліңді шуаққа бөлейтін, бірде жаныңызға жайлылық сыйласа, бірде тұңғиық ойға жетелейтін үлкен еңбек, зор шабытпен жасалған Сәкен туындыларынан бейнеролик көрсетілді.

F8A09606-F6A2-474F-AA34-4A9C57E8C46D

Рафхат Халелов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале