13.04.2023, 15:15
Оқылды: 102

«Самұрық-Қазына» жыл сайын «Қазақстан халқына» таза табысының 7 пайызын аударатын болды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына таза табысының кемінде 7%-ын аударып отыратын болады. Қаражатты бөлу тәртібін реттейтін ережелер Үкімет қаулысымен бекітілді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

samuryk-kazyna-1536x864

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қаулыға сәйкес, «Қазақстан халқына» қоры аударылған қаражатты белгіленген мақсатқа бағыттауға тиіс. Айта кету керек, бүгінде қор алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады. Олардың ішінде медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету салалары бар.

Атап айтқанда:

- науқастарды дәрі-дәрмекпен, жастар мен мүгедектігі бар балаларды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету;

- ауылда негізгі мектептер, ерте араласу орталықтары, аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықтарды құру;

- медициналық ұйымдарды заманауи құралдармен жабдықтау;

- ауыл мектептерінің түлектеріне және халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін оқушыларға білім гранттарын ұсыну бағдарламалары бар.

Еске сала кетейік, жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза табысының кем дегенде 7%-ын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудару туралы бастаманы Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында айтқан болатын.

aikyn.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале