"Бүгін бокстан Ташкентте (Өзбекстан) 2023 жылғы әлем чемпионаты аясында финалдың бірінші күні өтіп жатыр", деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото kfb.kz
Күндізгі сессияның бірінші жұбында қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай Грузия өкілі Сахил Алахвердовимен кездесті. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
19 жастағы Тәшкенбай – қазіргі Азия чемпионы. Астаналық спортшы былтыр жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған болатын.
Бүгін Қазақстанның тағы бір өкілі Дулат Бекбауов (67 келі) алтын медальға таласады.