13.05.2023, 21:19
Оқылды: 121

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионы атанды

"Бүгін бокстан Ташкентте (Өзбекстан) 2023 жылғы әлем чемпионаты аясында финалдың бірінші күні өтіп жатыр", деп хабарлайды Prosports.kz

472_018316bc0ebc9e272af78f2e56081f2f

Фото kfb.kz

Күндізгі сессияның бірінші жұбында қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай Грузия өкілі Сахил Алахвердовимен кездесті. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

19 жастағы Тәшкенбай – қазіргі Азия чемпионы. Астаналық спортшы былтыр жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған болатын.

Бүгін Қазақстанның тағы бір өкілі Дулат Бекбауов (67 келі) алтын медальға таласады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале