25.03.2020, 17:44
Оқылды: 22

"Сары уайымға салынуға болмайды", - Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5EF3F031-7D20-48D9-B686-5AF77C2FE14C

«Азаматтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Сары уайымға салынуға болмайды. Көңіліміз көтеріңкі болып, жарқын болашаққа сенуіміз керек. Басты тойларымыз әлі алда. Коронавирусқа шалдыққандарға қажетті ем жасалады. Азаматтарға, бизнеске материалдық қолдау көрсетіледі», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында. Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Ұлттық биотехнология орталығында болып, коронавирусты аз уақытта анықтайтын тест жүйесімен танысты.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале