11.04.2024, 12:22
Оқылды: 82

Сауда орындарындағы бағаға сараптама істеліп жатыр

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын ішкі сауда субъектісі тауардың ең жоғары  үстемесінің мөлшерінің он бес пайызынан аспауы керек.

WhatsApp Image 2024-04-11 at 13.13.39 (2)

Осылайша кәсіпкерлік субъектілері жоғарыда аталған тізімдегі тауарларды өткізу кезінде аталған баптың талаптарын орындауы тиіс. Бұл туралы арнайы брифингте облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Қиматова мәлім етті.

– Басқарма бүгінгі күні сауда объектілеріне тауар бағасының өсуі жағдайларын анықтау үшін күнделікті мониторинг жүргізуде. Бақылау объектілеріне базарлар, сауда желілері және  дүкендер кіреді. Бұл ретте сауда орындарын аралау кезінде мамандар түсіндіру жұмысын жүргізіп, саудагерлерге ақпараттық парақша  таратты. Сондай-ақ басқарма кәсіпкерлік субъектілері мен тұтынушыларды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабардар етіп отырады, - деді Э.Қиматова.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале