11.01.2023, 15:45
Оқылды: 27

Сауда саласында 543 артық талап бар – министрлік

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев салада басы артық, негізсіз талаптар әлі азаймай тұрғанын мәселе етіп көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230111-WA0009

«Сауда саласында 52 реттеу актісін қайта қарадық. Қолданыстағы 1729 талаптың ішіндегі 543 талаптың саланы реттеудің базалық талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл шамамен 31% деген сөз», - деді ол ведомствоның кеңейтілген алқасының мәжілісінде.

Арман Шаққалиев тауар биржаларының қызметін реттеу бағытында қабылданған шаралар туралы да мәлімет берді.

«Саудадағы өркениетті форматтардың үлесін арттырып, ойыншыларға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау үшін 22 базарды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сауда саласына 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында 590 млрд теңге тартылды. Қазіргі уақытта экономика министрлігімен бірлесіп мемлекеттік қолдау мәселесі пысықталуда», - деді Арман Шаққалиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале