17 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және "Қазақстан театрлар ассоциациясының" ұйымдастыруымен "Сахнагер - 2019" Ұлттық театр сыйлығының марапаттау кеші өтті.
Айта кетейік, билы "Сахнагер" ұлттық театр сыйлығы үшінші рет берілді. Барлығы 18 номинация бойынша жеңімпаздар марапатталған.
Олардың қатарында драма, опера, балет, қуыршақ, жастар театрларында еңбек етіп жүрген, айырықша дарыны мен шығармашылығы арқылы ел өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан кәсіби мамандар бар.
Сыйлық иегерлері арасында облыстық Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының әртістері де бар. Атап өтсек, «Театр өнерінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» номинациясымен (500 мың теңге) Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Парасат" орденінің иегері Сердеш Қажымұратов марапатталды.
Ал "Еңбек даңқы" төсбелгісінің иегері Ержан Қажымов "Ең үздік дыбыс режиссёрі" (1 миллион теңге) атанды. Театр актрисасы, "Өнер саласының үздігі" төсбелгісінің иегері Наргиз Шадыева "Үміт" сыйлығымен (150 мың теңге) марапатталды.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер