18.10.2022, 17:30
Оқылды: 52

Саяси кеңес мүшелері педагогтармен кездесті

Бүгін Оралда «AMANAT» партиясының саяси кеңес мүшелері білім саласының қызметкерлерімен кездесіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын талқылады.

IMG-20221018-WA0094

Жиынға партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері Нұрлан Серғалиев,  облыстық мектептен тыс жұмыс орталығының директоры, Шаттық Өтебалиева,  облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, облыстық кәсіпкерлер палатасының менторы, мүшесі Зульфия Кубеева қатысты.

-Президент Жолдауында білім саласына қатысты маңызды мәселелер айтылды. Жолдаудың үшінші бағдары еліміздің басты құндылығы – адами капиталды дамытуға арналған. Еліміздің болашағы, басты құндылығы – адами капитал екенін айқындап берді. Олардың білімі, тәрбиесі, толеранттылығы  сынды қасиеттері елдің дамуына үлес қосады. Еркін ойлайтын және креативті азаматтарды тәрбиелеу үшін кешенді жүйелі өзгеріс қажет. Мемлекеттің ілгері дамуы тек материалдық заттармен ғана байланысты емес, бірінші кезекте адам мен оның білімі. Осы орайда Мемлекет басшысы ел болашағын стратегиялық инсвестициялау қажеттігін айтып өтті. Білім саласында қордаланған мәселе көп. Әсіресе өңірімізде мектептер мен жатақханалардың жетіспеушілігі, білім беру нысандарындағы материалдық-техникалық жабдықтардың нашарлығы барлығына қаржы қолбайлау екендігі шындық. Бұл мәселелерді шешу уақыт пен қаржыны талап етеді. Бірақ осыған қарамастан ұрпаққа сапалы білім беру қажетпіз. Сапалы білім берілсе Қазақстанның болашағы жарқын болады деп есептеймін, - деді Нұрлан Хабиболлаұлы.

IMG-20221018-WA0096

Шарада сөз сөйлеген спикерлер Жолдауда айтылған бастамалар туралы пікірлерін білдіріп, негізгі бағыттар бойынша жұмыстану қажеттігін айтты.

Динара Насыр,

Суретке түсірген: Гүлмира Сәрсенғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале