31.05.2017, 10:08
Оқылды: 59

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды  

 

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай қала тұрғындары бейіттегі саяси құрбандарға арналған ескерткіштің алдына жиналып, олардың рухына тағзым етті.


Саяси қуғын-сүргін болған 1927-1953 жылдары Қазақстанда 103 мың адам қуғынға ұшырап, оның 25 мыңы атылған. Солардың қатарында біздің де жерлестеріміз болған. Зорлық пен зомбылық көріп көз жұмған аға-апаларымыздың рухына тағзым ету шарасына облыс әкімі Алтай Көлгінов, қала әкімі Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеров, облыстық мәдени орталықтардың және қала кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Облыстық орталық мешіттің бас имамы Руслан Сұлтанов қаза болғандардың рухына құран бағыштады. Архангель Михаил Соборының  монастырі Архимандрит Фидосий құрбандарға арнап рәсім жасады. Еске алу рәсімінің соңында жиналғандар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Айым ТӨЛЕУҒАЛИЕВА,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале